Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
Сіздермен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің сайтында жолыққаныма қуаныштымын! 85 жылдан астам тарихы бар, республикаға белгілі қоғам қайраткерлері мен ұстаздар білім алған колледжіміз қазіргі уақытта облыс көлемінде педагог кадрларды дайындайтын бірден-бір оқу орны. Бұл сайт оқу-тәрбие қызметімен айналысатын адамдарды атаулы оқу орны жөнінде қажетті ақпаратпен қамту үшін құрылған. Сіз білім ордасының оқу-тәрбие беру жайын сипаттайтын мәліметтерді таба аласыз. Білім ордасының алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі –  еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ұлттық рухпен сусындаған, азаматтық жауапкершілік сезімі биік, өз Отанын шексіз сүйетін білімді де білікті мамандарды даярлау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында педагогикалық ұжым ұлттық құндылықтарға, халықтық тәрбие негіздеріне сүйене отырып, білім берудің қазіргі заманауи инновациялық әдіс – тәсілдеріне сай еңбек етіп келеді. Сіздердің назарларыңызға оқу орнының ең өзекті мәселелеріне қатысты жаңалықтарды ұсынатын боламыз. Іздеген сұрақтарыңыздың жауабын аз уақыт ішінде сайтымыздың арқасында таба аласыздар деп сенеміз.

Ізгі тілекпен, колледж директоры Қарабаева Айжан Сарсенқызы
Қарабаева
Айжан Сарсенқызы